Жыл бұрын бұл күні «лесбиян» сөзі қазақ тіліне – «лесбике» деп аударылды. Аударма авторы – қазақ тілінің энтузиасты Нұрәлі Дәуқара. Әзірше, бұл жаңа сөзді аз адам ғана біледі. Бірақ біз сіздерді бұл сөзді жиі қолдануға шақырамыз.
Осы мерейтойға байланысты, біз ЛБК-әйелдерге арналған Kuntimes.kz алғашқы эротикалық әңгімелер сайтын іске қостық. Неліктен kuntimes? Қазақтар осылайша вагинаны атаған. Демек, күн тимейтін жер. Біз әйелдердің күнтимесіне және әйелдер арасындағы жыныстық қатынасқа деген көзқарасты өзгерткіміз келеді. Біз, ЛБК-әйелдер, күн астындағы өз орнымыздың болғанын қалайтынымыз жайлы мәлімдейміз.
Жоба «Феминита» қазақстандық феминистік бастамасының қолдауымен жүзеге асырылуда.