Сезім туралы сайт
Эротикалық қиялдар маңызды. Мысалы, олар сіздің жыныстық қатынасыңызды дұрыс толқынға бейімдеуге, толықтай ашылуға не керектігін білуге көмектеседі.

ӘЙЕЛДЕРМЕН ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА ТҮСЕТІН ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖЕКЕ ШЕКАРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ШАҒЫН НҰСҚАУЛЫҚ

Біздің қоғам жиырма беске толғанша күйеуге шықпаған қызды «оң жақта отырып қалған қыз» деген түсінікпен бейнелейді. Бұның себебі – сол жасқа келгенше күйеуге шықпаған қызды «өтімсіз» ретінде санау. Одан өте, қызға отбасының таныстары «өтпей қалған қыз» ретінде сөз келтіретін болған. Құдды қызды тауар көрумен тең. Осылайша, ЛБК+ әйелдер көпжақты кемсітушілік көріп, күйеуге шығуға мәжбүрлі.

Көпжақты кемсітушілік деп – әйел адам болғандықтан және жыныстық бағдарлығының негізінде жасалатын қысымды айтып отырмыз.

Қазірдің өзінде қызының ішкі жан-дүниесін түсінбей, тұрмысқа шық, бала ту деп қысым көрсететін отбасылар басым. Бұл тек қыздың бақытсыз күн кешуіне итермелеу болып саналады. Қыздың кімді жақсы көріп, кіммен өмір сүргісі келетіні, оның сексуалдық бағдарлығы мен гендерлік сәйкестігін ешкім ойламайды. Бұл қысымды көбінесе кішкентай қалаларда өмір сүретін әйелдермен жыныстық қатынасқа түсетін әйелдер көреді. Оның шешімін қыздың өз мойынына асып қою дұрыс емес . Осылайша, әлі күнге дейін жақындарының алдында кәмиң-аут жасамастан, «отырып қалған қыз» деген «атаққа» ие болған әйелдермен жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерге жеке шекараларды қорғау туралы шағын нұсқаулықты ойластырдық.

Жеке шекаралар деп – жеке тұлғалар, олардың айналасындағы адамдар және үлкен әлеуметтік жүйелер арасында өтетін қасиетті айтамыз. Олар бізге «мен қайдамын, мен қайда емеспін; менің эмоцияларым, әрекеттерім, нанымдарым мен ойларым қайда, ал бөтен адамдар қайда» дегенді сезу түсінікті болу үшін қажет.

Қоғамнан түсетін талаптар:

  • Жасың келді ғой! Байға шық!
  • Бала туа алатын жасыңда, өзің үшін туып ал!
  • Саған еркек керек, әйтпесе ауру боласың!

Шын мәнінде, қарсылық білдіргенімен, жүйелік және құрылымдық теңсіздікті өзгертпейінше, қоғамға некенің сексуалды бағдарлықтың емі емес екенін көрсетпейінше, жағдай өзгермейді.

Жалпы факторлар:

Үй-жайға байланысты фактор. Осы жасқа келгенше бір үйде тұрсаң, сенің жігерің одан да күшті. Сол жасыңа дейін қысымға шыдап келсең, демек әлі де жүре аласың, әлі де 60 жыл солай қысыммен өмір сүре алысың деген сөз. Жеке өміріңе нұқсан келтірілмесін десең, онда басқа қалаға көшуге тырыс. Жаңа жерде жаңа таныстар өмір өзгерістеріне әкеледі. Кейде бұл өзгерістер тым жақсы бағытқа жетелейді.

Экономикалық фактор. Сенің қолың бос қой, төбеңнен тоқпақтап тұрған күйеуің жоқ, бала бағып отырған жоқсың деп, отбасындағы адамдарды асыратып қою және оларға ақша тауып беріп отыру саған қаншалықты ыңғайлы? Сені тек 100 % отбасына экономикалық тұрғыдан көмек беретін адам деп санайды. Сенің біріншіден шыдап шыққан күшің бар, екіншіден отбасыңа беретін экономикалық көмегің бар. Сенің тапқан ақшаңа жұрттың бәрі еге. Олардың ойынша, сенің жеке қажеттіліктерің жоқ, сондықтан саған ақша қажет емес деп санайды. Сен жалақыңды алғанда сенің қажеттіліктеріңді ұмытып кетеді, өзіңе керек-ау дегенді ойламайды. Өйткені біздің қоғамда ақша деген нәрсені әйедің өзінікі деп қарамайды. Ол бір ортаққа түскен қаражат тәрізді, ал егер ер адам тапса оның ақшасының егесі өзі деп біледі. Өзің маңдай термен тапқан ақшаны өзімдікі деп айтпайынша, сенімен ешкім санаспайды. Сені қадірлемейінше – бөліспеген жөн. Себебі, сен оларды асырап жүрсің, соның өзінде сені сыйлап жатқан ешкім жоқ.

Ұрпақ жаңғырту денсаулығына байланысты фактор. Өзің үшін ту, біреу үшін ту дегеннің барлығы бос сөз. Сен өзің туғың келіп, бала сүйгің келіп бара жатсаң ғана тууға болады. Балаға адам ретінде қарау керек, өйткені ол да ертең үлкен адам болады. Саған ол қаншалықты керек? Тек өз-өзіңе қойылатын сұрақ. Ол адам саған керек болып тұрса, оны сен 18-ге келгенше жататын жерін, жейтін тамағын, білім алатын жерін, денсаулық жағдайын қамтамасыз ететін жағдай болса, сол кезде әрине туа бер. Ал егер айдаладағы біреу айтса – ол сенің шекараңды бұзып тұрған іс. Сен оған баланы асырау үшін 9 ай  көтеру және ары қарай 18-ге дейін асырау үшін есептеліп қойған шығындардың есеп-шотын жібере аласың. Қазіргі күні туып ал, өзің үшін туып ал деп айтып алып, кейін мына баланың әкесі жоқ деген сөздер айтып жатқанда – ол сенің және балаңның жүрегіңе тиеді.

Күйеуге шығару факторы. Күйеуге шықпайсың ба дегенде – ол негізі адамның жеке ісі. Егер басқа адам саған сондай сұрақ қойса, ол сенің шекараңды бұзып жатыр деп түсін. Сен ондай нәрсені бірден тыйып тастауың керек яғни «Сіз менің шекарамды бұзып тұрсыз! Сіз маған ақыл айтатындай екі туып бір қалғаным емессіз, егер солай болса – мен көтере аламын» деген секілді шауып тастауға болады. Сенің кім екеніңді білмей тұра, саған ақыл айтатын адамдарды бастан тоқтатқан жөн. Егер әлеуметтік желіде жазған болса, бұғаттап қою керек, тыңдамау керек. Ол шекараңызды бұзып жатыр.

Дәрігердің құзыретсіздігіне байланысты фактор. Көбінесе гинекологтарға байланысты. Бізде ондай дәрігерлерге, мысалы, әйел ауырып барса, онда саған екіқабат болу керек, туу керек деген «диагноздар» қояды. Негізі ондай дәрігер біліктілігі төмен, өте қараңғы, білімсіз адам. Өйткені дәрігер адам сен қандай мәселемен келдің, сол жағдайға қарауы керек. Осылай істе деген әңгімелерді айта бермеуі керек. Өйткені сенде әр түрлі жағдай болады ғой. Сен біреумен жыныстық қатынасқа түскің келмей жатқан жеріңнен қалайша бұны кеңес етеді? Саған дәрігер өзіңді өзің зорлап жыныстық қатынасқа түс деген тәрізді ақыл беріп тұр. Ол тоғышардың сөзін сөйлеп, маманның сөзін айтып тұрған жоқ. Маман алдында жатырсың ба, тура сол денеңе қандай дәрімен көмектесе алады, қандай жаттығу жасау керектігін айтуы қажет. Ал сенің жеке өміріңді, әлеуметтік қарым қатынасты қалай жасау керектігі туралы сөз ету қажетсіз.

Сен өз шекараңды әртүрлі жағдайларда әр түрлі жолмен қорғай аласың. «Жоқ» деп айта білу – маңызды жеке шеберліктің бір түрі. Бұл қысым, агрессия және улы қарым-қатынастарға жиі түсетін адамдар үшін оңай жауап беру әдісі.

Бұл мақаланы ЛГБТК+ тақырыптарын жарыққа шығарумен айналысатын

Unit әйел журналистер мен құқық қорғаушылар желісі қолдады

Бөлісу:

Назар салып өтіңіз: