Сезім туралы сайт
Эротикалық қиялдар маңызды. Мысалы, олар сіздің жыныстық қатынасыңызды дұрыс толқынға бейімдеуге, толықтай ашылуға не керектігін білуге көмектеседі.

КОФЕ МЕН СЕЗІМ

Шамамен бір жылдай бұрын кафеде бариста болып жұмыс істеуді бастадым. Дұрыс және дәмді кофе дайындауды енді үйреніп жүргенмін, бірақ бірден үйреніп кету оңай болған жоқ. Ондай кездері бізге, жас баристаларға тәжірибелі әріптестеріміз көмектесетін. Сондай әріптестерімнің бірі қосымша жалпы кофехаусты басқаратын менің сүйіктім еді.

Ол да мен секілді темекі шегетін, екеуміз де бір мамандықты оқығанбыз, мен бисексуалмын, ол болса ашық лесби болатын. Бірақ ол менен 17 жас үлкен еді. Әрдайым мен оның басқа да қырларын тани бастайтынмын, барлық ойларым, түсімде де, қалауым да сол болды. Демалыс күндері болсын мен онымен көрісу үшін сол кафеге баратынмын. Осылайша мейрам күндерінің бірінде (келушілердің саны аз болған) жұмыс кезегінде екеуміз жалғыз қалғанша жалғасты. Жұмыста отырып шарап ашып, темекімізді тұтатып алып түрлі тақырыптарда әңгімелесіп, сырластық.

Жұмыс уақыты біткен соң біз кафені жауып, қоштасуымыз керек еді. Кешкі көшеде тұрып, ұзақ уақыт бір біріміздің көздерімізге қарап, соңында шыдай алмай сүйістік. Бұл менің өмірімдегі ең ғашықтық сүйісу еді. Біздің қарым-қатынасымыз осылай басталып кетті. Бұл менің әйелмен алғашқы қатынасым еді, секс жайында көп нәрсе білмейтін едім, көп нәрсе таңсық еді. Бірақ ол кісінің менімен болғанына мен қатты қуандым. Ол барлық нәрсеге сабырмен, түсіністікпен қарайтын.

Біздің романымыз ұзаққа созылмады, қайткенде де арамыздағы жас айырмашылығы мен түрлі қызығушылықтарымыз өз ықпалын тигізбей қоймады. Бірақ біз әлі күнге дейін хабарласып тұрамыз.

Мадина

Бөлісу:

Назар салып өтіңіз: